№209 мектеп-гимназиясының шәкірттері 50 теңгелік монеталардан пирамида құрастырып шықты. Осылайша, оқу ордасы Қазақстанның КИнЭС рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Almaty.tv.-ның жазуы бойынша, ерекше композицияны №209 мектеп-гимназиясының шәкірттері Ұлттық валюта күніне арнаған. Пирамидаға бас-аяғы 15 мыңнан астам монета пайдаланылған. Мектеп директорының айтуынша, идея авторы – 11-сынып оқушылары. Ұсынысты білім ошағының басшысы бірден қолдап, мектеп ұжымымен бірлесе туындыны құрастыруға көшкен. Оның айтуынша, теңге пирамидасын 1,5 аптада жинап шығарған.
Мектеп гимназиясының ата-аналарына алғыс айтамын! 3800 ата-ана бір ауыздан қолдап, 15 мың монета жинап, рекордтар кітабына ендік. Бірақ 16900 монетадан ең үлкен пирамида құрастырды, – деді № 209 мектеп-гимназиясының директоры Болат Мыңбаев.