Алматыда онлайн жарнама заңы талқыланды

12 Қыркүйек 2023, 13:39
823
Бөлісу:
Алматыда онлайн жарнама заңы талқыланды
Фото: автордан

Форум аясында «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заңның маңыздылығы айтылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі. 

Форум барысында заңының медиа саласына қосар үлесі мен артықшылықтары сөз болды.

Форум «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заңын талқылау, үн қосу мақсатында өтіп жатыр. Әлеуметтік желілер бүгінде негізгі ақпарат көзі мен қоғамдық-саяси бағытты қалыптастыратын платформаға айналды. Бұл заң алаяқтықтың алдын алуға мүмкіндік береді. Кез келген қазақстандық тұтынушы сайтқа кіріп, жарнаманы оқыған кезде, ол жарнама жалған ба, қандай ақпараттар берілген, оны инфлюенсер берген бе – осының барлығын біле алады. Заң шеңберінен тыс ақпарат орналастырылған контенттің жұмысын шектеу немесе тоқтату «Байланыс туралы» заңның 41-1-бабына сәйкес жүргізіледі. Атап айтсақ, онлайн-платформаның меншік иесі немесе заңды өкілі уәкілетті органның нұсқамасын алғаннан кейін 24 сағат ішінде балаға қатысты кибербуллинг деп танылған ақпаратты жою шараларын қолдануға міндетті, – дейді Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов.

Алматыда онлайн жарнама заңы талқыланды

Медиа саласы жылдан-жылға түрленіп, технологияның дамуымен жаңа форматта ақпарат ұсынып келеді. Қазір хабар таратудың алуан түрлі жолы мен тәсілі бар. Осы ретте, әлеуметтік желілер де ақпарат таратудан алдыңғы шепте екендігі айтылды.

Елімізде медиа саласы қарқынды дамып келеді. Әлеуметтік желілер де өзінің блогын жүргізіп, халықты ақпаратпен құлақтандыратын блогерлердің де саны артты. Осы ретте, Қазақстандағы жарнама медианарығына тоқтала кеткеніміз жөн. Себебі дәстүрлі медиаға мемлекет қаржы бөледі, ал жеке тұлғалар қаражатты YouTube, TikTok, Instagram әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында жарнама арқылы табады. Осының арқасында ол өзін-өзі қаржыландырады. Халыққа ақпарат, пайдалы кеңес, саяхат сынды бейнелерді ұсына алады. Осы ретте, жаңа заңның жарнаманы таңбалап отыруына аса мән беруі қажет. Өзінің жеке блогын жүргізетін адамдардың табысына зиян тимеуі қажет деп ойлаймын. Әлеуметтік желілерде ақпарат тарататын, блог түсіретіндердің қатары арта түссе, дәстүрлі медиаға бәсекелес болып, медиа саласын қарқынды дамытар еді. Қазіргі уақытта адамдардың көпшілігі ТВ арқылы бағдарламалар көруден шектеліп жатыр. Бір орында отырып ТВ көру ыңғайсыз болғандықтан, көпшілігі You Tube арқылы қажетті дүниелерін көргенді қалайды. Сол себепті әлеуметтік желіде жұмыс істейтіндердің қаралымы артып, көрермендері көбейіп жатыр. Сондықтан да осы салаға аса маңыз беру қажет, – дейді QAMALLADIN bloggers agency бас директоры Абылайхан Камаладин.

Алматыда онлайн жарнама заңы талқыланды

Форум аясында медиасауаттылық пен білім беру, кадрлар тапшылығы, кәсіби этика, телеарналарды техникалық жарақтандыру, мемлекеттік органдардың ашықтығы мәселелері де талқыланды.

Өзгелердің жаңалығы