Алматы, BAQ.KZ. Алматыда алтыншы сынып оқушысы сыныптастарына бұрышты газ баллонын шашып жіберді. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл ақпарат жедел басқару Орталығына бүгін сағат 17 сағат 25 минутта келіп түсті. Әуезов ауданындағы орта мектептердің бірінде 6-сынып оқушысы – 2009 жылы туған К.есімді азамат үзіліс кезінде бұрыш баллонын шашқан,-делінген хабарламада.
Аталған оқыс жағдайдан кейін төрт мектеп оқушысы мен білім беру мекемесінің тазалық қызметшісі медициналық көмекке жүгінген.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.