Алматыда «Нұрлы Жер» аясында тағы бір тұрғын үй салынады

4 Наурыз 2022, 10:56
1547
Бөлісу:
Алматыда «Нұрлы Жер» аясында тағы бір тұрғын үй салынады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алматы қаласы Мәслихатының XVI сессиясында айтты.

Тұрғындардың жекелеген әлеуметтік топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесінің шешілмеуі қала үшін маңызды болып отыр. Осы тұрғыда қала әкімі несиеге тұрғын үй алу мүмкіндігін жақсарту мақсатында ипотеканың бастапқы жарнасының бір бөлігін жабу үшін бір тұрғын үй сертификатының құнын 1 млн-нан 1,5 млн теңгеге дейін көбейтуді ұсынды. Бұл санатқа бүгінде 1-2 топтағы мүгедектер, мүгедек балалары бар отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар кіреді.

Бюджетті нақтылау кезінде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тағы бір 411 отбасына арналған «Жас Қанат» 6 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысына 4,5 млрд теңге бөлу қарастырылды,-деді Досаев.

Сонымен қатар ол бюджетті нақтылау Алматы қаласының тұрғындарымен және кәсіпкерлерімен алғашқы кездесу өткізгеннен кейінгі  жұмыс нәтижесі негізінде дайындалғанын айтты.

 

Өзгелердің жаңалығы