Алматыда не себепті лай көшкіні болды

16 Сәуір 2024, 17:15
279
Бөлісу:
Алматыда не себепті лай көшкіні болды
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда сазды лай көшкінінің болуына заңсыз салынған құрылыс себеп болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жауын-шашынның мол түсуі салдарынан Керей-Жәнібек хандар көшесі бойында сазды лай көшкіні болып, асфальттың бір бөлігі опырылып, кәріз желілері бітеліп қалды.

Қазіргі уақытта коммуналдық қызметтер бұруды сазды лайды сорып алып, мұндағы жұмыстарды ретке келтіруде. Ауа-райы жақсарған соң жол жабыны қайта төселеді.

Тексеру барысында сазды лайдың жылжыуы тау бөктері бір бөлігінің ойылуы және «Мұзтау» шағын ауданында салынған құрылыстардың салдарынан болғандығы анықталды.

Оның үстіне меншік иесі шаруа қожалығын жүргізу үшін нысаналы мақсаты бар жер учаскесінде рұқсат құжаттары жоқ құрылыс жұмыстарын бастаған.

Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеруге бастамашылық жасауда, оның нәтижелері бойынша жер учаскесін бастапқы қалпына келтіру үшін жіберілген бұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып, ӘҚБтК-нің 316-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік шаралар қабылдайтын болады

Өзгелердің жаңалығы