Алматыда нан бағасы қымбаттады ма?

Бөлісу:
Алматыда нан бағасы қымбаттады ма?
Фото: автордан

Елімізде ұн бағасы қымбаттады. Ал қала дүкендерінде нан бағасы 30-50 теңгеге өскенін байқауға болады. Ұлттық статистика бюросы биыл елімізде ұнның 3,7 пайызға қымбаттағанын жария еткен еді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Саудагерлердің сөзінше, баға күн санап өсіп жатыр. Сол себептен бағаны тұрақты сақтап қалу мүмкін емес. 

Азық-түлік бағасының өсіп жатқаны қуантарлық жаңалық емес. Тұрғындар да зат сатып аларда наразылығын білдіреді. Дегенмен бағаның өсуі біздің құзыретімізде емес. Мәселен, бір апта бұрын қабы 12 мың теңгеден сатылған ұн қазір 17 мыңға жеткен. Наубайханадан келетін өнімдердің де бағасы өсті. Осыған қарап, бізді де түсіну керек деп ойлаймын, – дейді алматылық саудагер.

Алматыда нан бағасы қымбаттады ма?

Осы ретте, «Ақсай нан» ЖШС-не хабарласып, нан өнімдерінің бағасын сұрастырдық. Наубайшылар нан бағасының тұрақты екенін атап өтті.

Біздің өнімдердің бағасы бәз-баяғы қалпында. Нан өнімдері әлі қымбаттамады. Фирмалық дүкендердегі баға тұрақты. Тапсырыс беретін дүкендерге де нанды бұрынғы бағамен жеткіземіз, - дейді «Ақсай нан» ЖШС қыметкері.

Ал қала тұрғындары азық-түліктің, әсіресе, нан бағасының қымбаттауына наразы.

Жаңалықтардан ұнның қымбаттағанын айтып жатыр. Содан болар, ұн өнімдерінің бағасы өсіп, 20-50 теңгеге көтерілді. Біреулерге жай тиын шығар, бірақ біз күніне 2-3 бөлке нан алғандықтан, айына қымбатқа шығады. Жауапты мамандар бұл мәселені қарастырады деген сенімдемін, - дейді Жанболат Темірғалиев есімді қала тұрғыны.

Осы ретте, нан өнімдерінің бағасына тоқтала кетсек.

«Бөлке» наны 180 теңге

«Қара» наны 250 теңге

«Багет» наны 350 теңге

Тілме батон 380теңге

Тандыр нан 280-350 теңге

Өзгелердің жаңалығы