Алматыда мопедшілердің қатысуымен болған жол апатында 11 адам қаза тапты

19 Қыркүйек 2024, 10:33
1681
Бөлісу:
Алматыда мопедшілердің қатысуымен болған жол апатында 11 адам қаза тапты
Фото: BAQ.KZ -архив

Жол ережесін бұзғаны үшін 19 мыңнан астам мопед пайдаланушысы әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Мамандандырылған айыппұл тұрағына 1,5 мыңнан астам мопед қойылған.

Алматыда жеке мобильділік құралдары – мопедтер, самокаттар, скутерлер және т.б. әлі де танымал болуда. Бірақ, өкінішке қарай, көліктің бұл түрін жүргізген кезде олардың жүргізушілерінің көпшілігі қарапайым жол қозғалысы ережелерін сақтамайды немесе оларды елемейді. Осылайша, олар жолдарда апатты жағдайларды тудырады, бұл көбінесе қайғылы салдарға немесе адамдардың жарақат алуына әкеледі. Өткен күнгі осындай апаттардың бірі мопед тізгіндеген 19 жастағы жасөспірімнің өліміне әкеліп соқты, - деді, Алматы қаласы ПД ЖПҚБ патрульдік полиция Полкінің командирі, полиция полковнигі Оралбек Ахимов.

Биыл Алматыда мопедтердің қатысуымен 523 жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан 535 адам жарақат алып, 11 адам қаза тапты.

Құрметті жол пайдаланушылары! Көлік құралы қауіптіліктің жоғары көзі болып табылады. Көлік жүргізу кезінде Жол қозғалысы ережелерінің барлық талаптарын орындап, абай болу керек. Осы жылы жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 19 мыңнан астам мопед пайдаланушысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мамандандырылған айыппұл тұрағына 1,5 мыңнан астам мопед қойылған, - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Өзгелердің жаңалығы