Алматының тұрғын алабында мопед ұрлаумен айналысқан екі топ ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы ПД мәліметінше, бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы күрестің бағыты - мопед, велосипед, самокаттар ұрлығының алдын алу.
Талдау көрсеткендей, көп жағдайда ұрлықтың бұл түрі кейбір азаматтардың өз мүлкіне ұқыпсыз қарауы, мопедтерін, велосипедтерін және самокаттарын қараусыз қалдыруы нәтижесінде жасалады: кіреберістерде, тұрғын үйлердің аулаларында, дүкендердің алдында.
Өткен мереке күндері біз екі топтың құрамында әрекет еткен 6 жас жігіттің мопед ұрлау әрекеттерін әшкереледік. Олар түнгі уақытта бөтен адамдардың мопедтерін ұрлаған. Қылмыстық жолмен алынғанын алдын ала біле тұра, ұрланған тауарды алып отырған сатып алушы да ұсталды. Қылмысқа қатысы бар әрбір адамның әрекетіне тергеумен құқықтық баға берілетін болады, - деді Әуезов аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ұлан Әбілқайыр.
Сонымен қатар Алматы полициясы екі доңғалақты көліктеріңізді ұрлықтан қорғауды ұсынады:
- оны кіре берісте қараусыз қалдырмаңыз;
- велосипедтерді, мопедтерді, самокаттарды, ұрлыққа қарсы құралдарды пайдалана отырып, бейнекамералармен жабдықталған орындарда тұраққа қойыңыз;
- ұрланған жағдайда дереу «102» пультіне хабарлаңыз.
Сондай-ақ ұрланған мүлікке қатысты: құжаттар, марка, түс, фотосуреттер, сериялық немесе басқа нөмірлік белгілері туралы ақпаратты дайындау қажет.