Алматыда мопед мінген екі жігіт өтіп бара жатқан адамдарды тонаған, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қылмыс туралы полицияға Алматы қаласы Әуезов ауданының тұрғыны хабарлаған.
Ол 8-ықшамаудандағы үйлердің бірінің ауласында кенеттен жанынан мопедпен адам өтіп кеткенін айтты. Ал көлік жаяу жүргіншімен қатарласқанда белгісіз біреу телефонды жұлып алып кеткен. Оқиға орнынан алыс емес жерде оқиғаға қатысы бар тағы бір адам – сатып алушы тұрды. Күдіктілер қамауға алынды. Бұл – 21 жастағы Ж.есімді азамат және 19 жастағы М.есімді азамат. Ұрланған телефондарды сатып алушы да анықталды, ол – 47 жастағы И.есімді азамат. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 196-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Ал негізгі айыпталушылардың әрекеті ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігімен сараланады. Күдіктілердің бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда, – деді Әуезов аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.