Алматыда мобильді экопатрульдер іске қосылды

6 Желтоқсан 2021, 14:47
1169
Бөлісу:
Алматыда мобильді экопатрульдер іске қосылды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы Полиция департаменті қалада мобильді экопатрульдер іске қосылғанын мәлімдеді.

Қазір уақытта Алматы полициясы Жасыл экономика басқармасымен бірлесіп, экологиялық стандартқа сай келмейтін көліктерді анықтау мақсатында рейд жүргізіп жатыр. Көрсетілген заң бұзушылықтарды анықтау үшін арнайы техникамен жабдықталған патрульдік полицияның 11 экипажы күн сайын жолға шығады.

Іс-шараның басынан бері екі жарым мыңнан астам көлік тексеруден өтті, оның 1 мың 193-і дизельдік отынмен, 1 мың 357-сі жағармаймен жүреді. Тексерілген көліктердің жалпы санының 23%-ы экологиялық стандарттарға сәйкес келмейді: 589 көлік құралында пайдаланылатын газдар артық болып шықты. Сонымен қатар, бүгінде қалаға кіре берісте 19 экологиялық бекет орнату жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Олар өлшеу құралдары, бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап барлығы 139 мың 746 көлік тексерілді, оның 21 мың 751-інде улылық нормасынан асып кеткені анықталды, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

ҚР ӘҚбК-нің 334-бабына сәйкес, шығарындыларындағы ластаушы заттардың мөлшері, сондай-ақ пайдалану кезінде олардан туындайтын шу деңгейі белгіленген нормативтерден (техникалық нормалардан) асатын автокөліктерді, басқа да жылжымалы көліктерді және қондырғыларды пайдалану ескерту жасауға немесе айыппұл салуға әкеледі, жеке тұлғаларға – он, заңды тұлғаларға – жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет: жеке тұлғаларға – жиырма, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Өзгелердің жаңалығы