Алматыда мейрамхана отқа оранды

Бөлісу:
Алматыда мейрамхана отқа оранды
Фото: скрин

18 қазанда сағат 21:50 шамасында Алматы қаласының Медеу ауданындағы Төлебаев көшесінде орналасқан мейрамхананың шатыры өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнында жоғары дәрежедегі шақырту белгісімен жеткен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жаты.

Мейрамхана қонақтары сыртқа өздігімен шығып үлгерген. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Оқиға орнында ТЖД-ның жеке құрамынан 27 адам және сегіз техника жұмыс істеп жатыр, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы