Алматыда метроның екі жаңа стансасы іске қосылады

25 Мамыр 2021, 19:36
5084
Бөлісу:
Алматыда метроның екі жаңа стансасы іске қосылады

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы мәслихатының депутаты Есенгелді Талбидинов салынып жатқан метро стансаларына мониторинг жүргізді.

Тексеру барысында депутат салынып жатқан «Сарыарқа» және «Достық» метро стансаларының барлық инфрақұрылым нысанын, атап айтқанда, қызметтік-техникалық үй-жайларды, туннельдерді, жолдарды, жабдықтар мен механизмдерді тексерді.

Бүгін метродағы екі жаңа станцияның құрылыс жұмыстарын тексердік. Болжам бойынша құрылыс жұмыстары 2021 жылдың соңына дейін аяқталады. Пайдалануға берілгеннен кейін жоспарланған жолаушылар ағыны тәулігіне 86 000 адамды құрайтын болады, - деді Есенгелді Талбидинов.

Депутаттың айтуынша, метро ұзындығы 3,1 шақырымды құрайды. Тексеру барысында «Сарыарқа» стансасы терең төсеу стансасы, ал «Достық» стансасы ұсақ төсеу стансасы ретінде жіктелгені анықталды.

Жаңа стансаларды салу кезінде жобада мүгедек топтар үшін барлық жағдай ескерілген. Нысандар лифтілермен, санитарлық тораптармен, тік көтеру құрылғыларымен, тактильді навигациямен және көрсеткіш белгілерімен жабдықталады. Салынып жатқан инфрақұрылым кіреберістен платформаға дейінгі жол уақытын орта есеппен 2 есеге қысқартуға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы