Алматыда Mercedes көлігі полицейлерді аяқтан тік тұрғызды

25 Сәуір 2021, 15:48
1843
Бөлісу:
Алматыда Mercedes көлігі полицейлерді аяқтан тік тұрғызды

Алматы, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде бір көшеде көптеген патрульдік көліктің бір машинаны қоршап тұрған видеосы жарияланды. Куәгерлердің айтуынша мұнда шамамен 20-ға жуық машина келген.

Қалалық Полиция департаментінің өкілдері бүгін таңертең әл-Фараби даңғылы мен Ғ.Мұстафин көшесінің қиылысында «Mercedes» көлігінің жүргізуші қатты жылдамдықпен қауіпті маневрлер жасағанын айтты.

Жүргізуші полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтату жөніндегі ескертуін елемей, керісінше, жылдамдықты қоса түскен. Осыған байланысты оның соңына бірнеше полиция көлігі түсіп, көлікті қоршауға алып, оның одан әрі қозғалысына жол бермеді. Рульде 1992 жылы туған азамат болды.

Онымен қоса, оның 2020 жылы қыркүйекте мас күйінде көлік жүргізгені үшін сот жүргізуші куәлігінен бір жарым жылға айырғаны белгілі болған. Бүгін дәрігерлер оның есірткі қолданғанын растады. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді Алматы қаласы ІІД тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Сонымен қатар, жергілікті полиция басқармасының бастығы Манап Саттаров оған қатысты 15 әкімшілік хаттама толтырылғанын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы