Мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорын газ, электр пештерін шығарып жатыр

25 Тамыз 2021, 19:42
7522
Бөлісу:
Мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорын газ, электр пештерін шығарып жатыр
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ ұйымдастырған пресс-тур барысында мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорындардың жұмысымен таныстық. 

Мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорын газ, электр пештерін шығарып жатыр

«Келет» АҚ - өндірістік-коммерциялық кәсіпорын 1992 жылдан бастап тұрмыстық жабдықтар өндірумен айналысады. Компания сорғы, желдеткіш, электр қозғалтқышы, компрессор, жылыту және жылу жабдықтарын, бекіту-реттеу арматурасы, газ бен электр пештерін және тағы басқа да көптеген бұйымдар шығарады. Сондай-ақ, Ресей, Италия, Германия, Венгрия, Қытай мен ТМД-ның басқа елдерімен әріптестік орнатып, ондағы өндірістерді жеткізеді. 

Мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорын газ, электр пештерін шығарып жатыр

2020 жылы кәсіпорын жұмыс істеп тұрған өндірісті жаңғырту мақсатында «Сбербанк» АҚ ЕБ-нен лазерлік жабдықтар сатып алуға 400 млн теңге қаржы алған. Жобаны Даму Қоры «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының 2 бағыты аясында қолдаған. Соның арқасында кәсіпорынның несие мөлшерлемесі жылына 14%-дан 6%-ға дейін төмендетіліпті.

Мекеменің бас экономисті Александр Папп тұрмыстық жабдықтарды халыққа қолжетімді бағада шығаруды алға қойғандарын айтады.

Мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорын газ, электр пештерін шығарып жатыр

Біз сапалы өнімді өндірумен қатар өзге елдерде шығарылатын құнды жабдықтарды халыққа қолайлы бағада жеткізумен айналысамыз. Ол сумен қамту, желдеткіш және әртүрлі пештер. Біздің басты тұтынушыларымыз энергетикалы мекемелер мен жеке тұрғын үйде тұратын азаматтар. Қазір Орталық Қазақстан мен Нұр-Сұлтан қаласына газ тартылып жатыр. Алдағы уақытта жеке тұрғын үйлер газға қосылады. Міне біз соларға арнап газ, электр пештерін шығарып жатырмыз. Сонымен қатар біздің өнімдер Орталық Азия елдері мен Ресейге де жеткізіледі,-дейді ол. 

Мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорын газ, электр пештерін шығарып жатыр

Аталған кәсіпорында 250-ге жуық адам жұмыс істейді. Оның үстіне Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Ақтөбе қалаларында өкілдіктері бар.  

Біз «Даму» қорымен он жылдан бері жұмыс істеп, мемлекеттік қолдауға ие болып келеміз. Яғни жеңілдетілген кредит алып отырмыз. Оған жоғары сапалы өнім шығаратын құрал-жабдық сатып алдық,-дейді А. Папп. 

Мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорын газ, электр пештерін шығарып жатыр

Мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорын газ, электр пештерін шығарып жатыр

Мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсібін кеңейткен мекеменің бірі «Нұр Бөбегі балабақшасы» ЖШС-і. 2015 жылы құрылған мекеме мектепке дейінгі жастағы балаларға тәрбие мен білім береді. Мекеме мемлекеттік қолдаудың арқасында жақында тағы бір филиалын ашқан. 

Мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорын газ, электр пештерін шығарып жатыр

«Нұр Бөбегі балабақшасы» ЖШС-нің құрылтайшысы Мария Сыздықова үшінші балабақшаны ашу үшін банктен 66,5 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алғандарын айтады.

Мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорын газ, электр пештерін шығарып жатыр

Алғашында біз несие бойынша «АТФБанкке» жүгіндік. Ондағылар несиені кәсіпкерлікті кеңейту үшін алғалы отырғанымызды білген соң  «Даму» қоры арқылы алсаңыздар тиімді болады деп кеңес берді. Соның арқасында үшінші балабақшаның ғимаратын сатып алдық. Банк несиені 14 пайыздық мөлшерлемемен берді. Оның 8 пайызын даму қоры төлейді, қалған 6%-ын өзіміз төлейміз. Бұл кәсіпкерлер үшін жеңіл әрі тиімді,-дейді Мария Сыздықова. 

Мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорын газ, электр пештерін шығарып жатыр

Үш балабақшада қаланың Алатау ауданында орналасқан және оның әрқайсысында 70-тен 90-ға дейін бала бар. 

Алатау халық тығыз орналасқан аудан. Оның үстіне басым көбі ауылды жерден келген, өзіміздің қаракөздер. Қазір балабақшалар жаңа оқу жылына дайындық үстінде, балаларды жаңадан қабылдап жатырмыз.  Бір бала үшін ата-аналардан алынатын төлем 30 мың теңге. Оның ішіне бес мезгіл тамағымен қоса хореография, музыка, әуен және ағылшын тілін үйрету кіреді,-дейді Сыздықова. 

Мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорын газ, электр пештерін шығарып жатыр

Сонымен қатар ол балабақшаға тіркелу үшін әр ата-ана ЭЦП кілтімен «Open Almaty» бағдарламасы арқылы баланы кезекке қоятынын жеткізді. 

Мемлекеттік қолдаудың арқасында ірі көлемде несие алып, кәсібін дөңгелетіп отырған мекеменің тағы бірі «Сервис Казахстан» ЖШС-іБұл мекеме Алматы қаласы аумағында өнеркәсіптік мақсатта кір жуу және химиялық тазалау бойынша қызмет көрсетеді.

2020 жылы компания Jensen маркалы заманауи өнеркәсіптік кір жуғыш машина сатып алу үшін «Bank RBK» АҚ арқылы 14,5%-бен 452, 7 млн теңге несие алған. Несиені «Даму» Қоры «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасының екінші бағыты аясында субсидиялап, қазір 14,5%-дық несиені кәсіпорын 6%-бен төлейді. 

«Даму» қорының аймақтық филиал директорының орынбасары Жомарт Ермағанбет 2021 жылдың бірінші жарты жылында Алматы қаласында жалпы несие сомасы 81,77 млрд теңге болатын 990 жобаға субсидиялау шарты жасалғанын айтады. 

Мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорын газ, электр пештерін шығарып жатыр

Оның ішінде «Бизнестің жол картасы  2025» бағдарламасы бойынша - 78,37 млрд теңгеге 300 жоба, оның ішінде бағдарламаның бірінші бағыты аясында 690 жоба 3,4 млрд теңге қолдау алды.  «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша - 15,75 млрд теңгеге 8 шарт жасалды,-дейді ол.

Сонымен қатар ол ішінара кепілдік беру бойынша да өсім байқалғанын жеткізді.

Мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорын газ, электр пештерін шығарып жатыр

2021 жылдың бірінші жарты жылында кәсіпкерлердің 862 жобасы жалпы несие сомасы 20,9 млрд теңгеге кепілдік алды. Оның ішінде «БЖК 2025» мемлекеттік бағдарламасының бірінші және екінші бағыттары аясында несие сомасы 16,4 млрд теңге болатын 844 жобаға қолдау көрсетілді. Кепілдіктердің жалпы сомасы 7,5 млрд теңгені құрады. Ал, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында несие сомасы 2,3 млрд теңге болатын 3 жоба қолдау алды.  Кепілдік мөлшері 1 млрд теңгені құрады.  «Даму Оптима» бағдарламасы аясында - несие сомасы 2,2 млрд теңге болатын 15 жобаға 987 млн теңге кепілдік берілді,-деді Жомарт Ермағанбет.

Өзгелердің жаңалығы