Алматыда медицина қызметкерлері күніне орай концерт өтеді

6 Маусым 2022, 16:26
1756
Бөлісу:
Алматыда медицина қызметкерлері күніне орай концерт өтеді

Алматы, BAQ.KZ. Дәрігер мамандығы – бүгінгі күнде ең маңызды мамандықтың бірі, әрі абыройлысы, аса жауапкершілікті қажет ететін ұлы мамандық. Ақ халатты абзал жандардың төл мерекесіне орай ҚР «Салтанат» Мемлекеттік би ансамблі 13 маусым Наталия Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында медицина қызметкерлері күніне орай концерт өткізеді.

Мерекелік кеште Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тұңғышбай Жаманқұловтың «ән және монологы» орындалады.

Сондай-ақ кеш барысында: Шашу, Ұлы дала батырлары, Сирийский танец, Яблочко, Бақсы, Турецкий танец, Шаттық биі, Вензеля, Қайран жиырма бес, Татарский танец, Ретро, Еврейский танец, Дождь, Мексиканский танец ансамбльдері өнер көрсетеді. Оған қоса Тұңғышбай Жаманқұлов жеке концерттік бағдарламасын ұсынады.

Сонымен қатар «Отан үшін» спектаклі мерекелік кештің басты нөмірі болмақ. Концертте ҚР Мәдениет және Спорт Министрлігінің шешімімен «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен және «Құрмет» грамотасымен марапатталған балет артисттері өнер көрсетеді.    
 

Өзгелердің жаңалығы