Алматыда медицина қызметкерлеріне вакцина салудың екінші сатысы басталды

22 Ақпан 2021, 12:33
1385
Бөлісу:
Алматыда медицина қызметкерлеріне вакцина салудың екінші сатысы басталды

Алматы, BAQ.KZ.  Бүгін Алматыдағы №36 қалалық емханада өз еркімен келген медицина қызметкерлерін вакцинациялаудың екінші сатысы басталды. Бұл туралы аталған емхананың баспасөз қызметі хабарлады.

Коронавирусқа қарсы вакциналаудың алғашқы сатысы бойынша бұл емханада екпе бөлімі әзірленіп, қаладағы №26, 27, 35, 36 қалалық емханалар мен №7 қалалық клиникалық ауруханадан 160 медицина қызметкерлеріне екпе салынған. 

№36 қалалық емхананың бас дәрігері Гүлжайнат Тілеген екпе алудан бұрын барлық қызметкерлер дәрігердің тексерісінен өткенін айтады. 

Екпе алғаннан соң 30 минуттың ішінде екпе салынғандар арнайы бөлінген кабинетте бақылауда болады. Бүгінг 65 медицина қызметкері екпе алады. Екпе салынғандардың барлығы өздерін жақсы сезінуде, ешқандай жанама әсерлер анықталған жоқ. Қалған 95 адамға ертең екпе салынады,- деді дәрігер. 

Оның айтуынша, екпе салынғаннан кейін профилактикалық шаралар орындалуы тиіс. Ол әлеуметтік қашықтық және бетперде тағу, ал ЖРВИ белгілері анықталған адамдар дәрігерге баруы қажет. 

Вакцинаны ең алдымен, иммунизацияны жұқпалы аурулар ауруханасының, жедел жәрдем көмегінің, реанимация, медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МАСК), қабылдау бөлімшесінің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің жұмыскерлері алады. 

Екінші сатыда вакцинамен жалпы білім беретін мектептің, жоғары оқу орындарының, бірінші сатыға кірмеген медициналық қызмет жұмыскерлерін қамтиды. 

Үшінші сатыға мектеп-интернаттың, мектепке дейінгі балалар мекемесінің педагогтары, студенттер және созылмалы аурумен ауратын адамдар, әлеуметтік-медициналық мекеме жұмыскерлері жатады. Вакцина алуға профилактикалық екпе кезінде қарсы көрсеткіштері болған адамдарға рұқсат етілмейді.

Өзгелердің жаңалығы