Алматыда “Медеу-Шымбұлақ” жолымен өтудің режимі белгіленді

28 Қазан 2023, 01:35
653
Бөлісу:
Алматыда “Медеу-Шымбұлақ” жолымен өтудің режимі белгіленді
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Құлаған тастардың салдарын жоюға байланысты Медеу-Шымбұлақ автожолымен өтудің режимі белгіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аспалы жол іске қосылғанға дейін электромобильдер мен жаяу жүргіншілер 09.00-ге дейін, 12.00-ден 14.30-ға дейін және 18.00-ден кейін кіре алады.

Аспалы жол іске қосылғаннан кейін 1 қарашадан бастап электр көліктеріне 09.00-ге дейін және 18.00-ден кейін кіруге рұқсат. 13.00-ден 14.00-ге дейін техникалық қызметтердің арнайы көлігі ғана кіре алады. 

Бұл кезде студенттік соқпақ арқылы жаяу серуендеуге болады. Қозғалысты шектеудің белгіленген кестесі 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Өзгеріс қосымша хабарланады.

25 қазаннан бастап Медеу-Шымбұлақ жолындағы құлаған тастарға қатысты жұмыстар басталды. Қазір автокөлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысы шектелген.

Өзгелердің жаңалығы