Алматыда Медеу мұз айдыны уақытша жабылады

17 Ақпан 2023, 14:19
821
Бөлісу:
Алматыда Медеу мұз айдыны уақытша жабылады
Фото: kazpravda.kz

Алматыда 18-24 ақпан кундері конькимен жүгіруден ҚР Кубогының финалдық кезеңіне дайындық жүргізілуіне байланысты Медеу мұз айдыны жабылып, жаппай сырғанау тоқтатылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Алматы қаласы спорт басқармасынан мәлім етті, деп жазды ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, жарыс жанкүйерлері үшін мұз айдынына кіру ашық болады.

«21-24 ақпан аралығында өтетін жеке және командалық біріншіліктің финалына республикалық маңызы бар екі қала мен еліміздің 7 облысының спортшылары қатысады»,- деп хабарлады қалалық спорт басқармасынан.

Өзгелердің жаңалығы