Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен Мемориалы өтеді

Аталған турнирге 25 елден 150-ге жуық мәнерлеп сырғанаушы қатысады.

 Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі 10 Қыркүйек 2026, 05:28
10 Қыркүйек 2026, 05:28
90
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

7-10 қазан аралығында Алматыда мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир – Денис Тен Мемориалы өтеді.

Аталған турнирге 25 елден 150-ге жуық мәнерлеп сырғанаушы қатысады.

Жарыс аясында жасөспірімдер, ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сырғанауда, сондай-ақ, мұздағы биде жүлделер сарапқа салынады. Байрақты бәсеке Halyk Arena мұз айдынында өтеді.

ҚР ҰОК мәліметінше, бұл турнир Қазақстанның мәнерлеп сырғанау тарихында өшпес із қалдырған 2014-Олимпиада ойындарының жүлдегері Денис Теннің құрметіне ұйымдастырылады.

Наверх