Алматының бірнеше ауданында жарық өшіріледі

8 Қыркүйек 2026, 18:03
АВТОР
 depositphoto.com 8 Қыркүйек 2026, 18:03
8 Қыркүйек 2026, 18:03
166
Фото: depositphoto.com

Алматыда электр желілерін жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар аудан тұрғындары уақытша жарықсыз қалуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл туралы «Алатау Жарық Компаниясы» хабарлады.

Компания 7–12 қыркүйек аралығына арналған электр энергиясын уақытша өшіру кестесін жариялады. Кестеге сәйкес, №1 электр желілері ауданына қарасты Алмалы, Алатау, Жетісу және Түрксіб аудандарында жоспарлы жұмыстар жүргізіледі.

Жарықты өшіру 6 қыркүйекте басталған. Жоспарланған шектеулер 12 қыркүйекке дейін жалғасады. Электр энергиясы күн сайын шамамен таңғы сағат 08:00–09:00 аралығында өшіріліп, кешкі 17:00-ге дейін берілмеуі мүмкін.

Уақытша шектеу қаладағы ондаған көшені қамтиды. Олардың қатарында Абай, Төле би, Достық, Сейфуллин даңғылдары және басқа да көшелер бар.

Сондай-ақ Шаңырақ, Айгерім, Ақжар, Қалқаман, Горный Гигант және Самал шағынаудандарының тұрғындарына да жарықтың уақытша өшірілуі әсер етуі ықтимал.

Электр энергиясын өшірудің толық кестесі «Алатау Жарық Компаниясының» ресми сайтында жарияланған.

Наверх