Алматыда мұздағы мотожарыстан әлем чемпионаты өтеді

16 Қаңтар 2020, 22:49
1398
Бөлісу:
Алматыда мұздағы мотожарыстан әлем чемпионаты өтеді

Алматы, BAQ.KZ. Ақпанның 1-2 күндері "Медеу" мұз айдынында әлемнің үздік мұз гладиаторлары күш сынасады.

Осы күндері мұз айдынында FIM Халықаралық Мотоцикл Федерациясының қолдауымен Спидвей бойынша (мұздағы мотожарыс) Әлем чемпионатының бірінші финалы өтеді.

2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Автомотоспорт Федерациясы Алматы қаласының "Медеу" мұзайдынында жарыстың төрт финалын және Нұр-сұлтан қаласындағы "Алау" жабық мұз сарайы аренасында бір финалды сәтті өткізді. 2020 жылы өтетін жеке Әлем чемпионатының финалы алматылық жанкүйерлер мен барлық адреналин әуесқойлары үшін бесінші болып, Қазақстандағы маңызды Қысқы халықаралық жарыстардың маусымын ашатын болады.
Спидвей - ең күрделі де қауіпті спорт, сонымен қатар ойын-сауықтық тартымдылығымен адам жанын жаулап алатын мотоцикл спорттың қызықты түрі болып келеді. Біз бұл бесінші, мерейтойлық финалды аты аңызға айналған "Медеу" мұз айдынында өтетініне қуаныштымыз. FIM тректік комиссиясының жоғары талаптарына жауап беретін жинақталған тәжірибе мен қажетті инфрақұрылым, сондай-ақ "Самұрық - Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры Бас серіктесінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауы бізге FIM-мен ынтымақтастықты бекітуге және кейінгі жылдары ЖҚТБ-дан Әлем чемпионатының финалдарын өткізуге құқық алуға мүмкіндік берді, - дейді ҚР Автомотоспорт федерациясының президенті Марат Әбіқаев.
2020 жылы Спидвей бойынша жеке Әлем чемпионаты бес финалда өтеді. Бірінші финалды өткізу Қазақстанға сеніп тапсырылса, екінші финал Ресейдің Тольятти қаласында, үшінші финал Ресейдің Шадринскі қаласында өтіп, чемпионат Германия мен Нидерланды елдерінде қортындыланады.

Әлем чемпионатының командалық финалы Германияның астанасы Берлинде өтіп, оған алғаш рет Қазақстанның мұз гладиаторлары командасы қатысады.



Өзгелердің жаңалығы