Алматыда әлеуметтік тігін цехы ашылды

20 Тамыз 2020, 13:00
4776
Бөлісу:
Алматыда әлеуметтік тігін цехы ашылды
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Алмалы ауданының «Бақытты отбасы» орталығы жанынан әлеуметтік тігін цехы ашылды.

Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Айнұр Бекжанова тігін шеберханасын ашудың басты мақсаты-әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, Алмалы ауданының көп балалы және аз қамтылған отбасыларын жұмысқа орналастыру екенін айтады. 
Бұл цех бір жыл бойы тігін курсынан өткен аналарға арналған. Іскер ана бағдарламасы арқылык көптеген аналар өздерінің бизнес жоспарын қорғап, мемлекеттің грантын иеленген болатын. Бұл жерде негізгі мақсат аналарды кәсіпке баулу және нарықтың қажеттілігін зерттей білу. Мына ғимараттың иесі әлеуметтік бизнес жауапкершілік аясында бөлмені тегін беріп отыр, - дейді Айнұр Бекжанова.
бала7.jpeg

Оның айтуынша, Алмалы ауданы «Бақытты отбасы» орталығында мыңнан астам көпбалалы ана түрлі курстардан өткен. Оның ішінде тігін, куллинария, сән салоны сияқты мамандықтарды игеріп шыққан.

бала8.jpeg

Тігіншілерді оқытуды «QSP» ЖШС (Qazaq Social project) өз жабдықтарымен өткiзеді екен. Бүгінгі таңда цехқа 15 көп балалы ана жұмысқа орналастырылған, онда тігін өндірісі бойынша тәжірибелі маманның басшылығымен өздерінің практикалық дағдыларын дамытуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, цех қызметкерлері «Қолдау» кәсіпкерлік орталығының «Табысты тігін бизнесін қалай іске қосу керек» онлайн оқуынан өте алады. Осылайша, тігін цехында оқу және жұмыс істеу кезінде көп балалы аналар тігін өндірісі бойынша барлық кәсіби құпиялар мен ұсақ-түйектерді үйренеді және өз бетінше өз бизнесін бастайды және жүргізе алады. 

бала2.jpeg

Төрт баланың анасы Меруерт Құрманғалиева бұл цехта жұмыс істеу барлық жанынан тиімді болып отыр деген ойын білдірді.
Бұған дейін тігін курсына қатысып мемлекеттік грантты ұтып алдым. Оған өз тігін цехымды ашсам деп едім, алайда карантинге байланысты ол іске аспады. Қазір осы цехта жұмыс істеп жатырмын, мұнда уақыт жағынан болсын,  басқасынан болсын маған тиімді. Балалапыма да, үйге де жұмысқа да үлгеріп жатырмын, - дейді көпбалалы ана.
бала6.jpeg

Цех қызметкерлері өндірілген тауарды сату нарығында жылжыту негіздерін оқиды, маркетинг және интернет сату негіздерін үйренеді. Тігіншілер қазір маска және басқа да медмциналық қорғаныш заттарын тігіп жатыр.

бала9.jpeg




Өзгелердің жаңалығы