Алматыда әлеуметтік нысандар үшін үй-жай бөлінеді

10 Маусым 2020, 10:55
1313
Бөлісу:
Алматыда әлеуметтік нысандар үшін үй-жай бөлінеді

Алматы, BAQ.KZ. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде Алмалы ауданындағы жаңа тұрғын кешендерін аралап көрді, қолжетімді әлеуметтік нысандар салу жөніндегі жобаны жүзеге асыру барысымен танысты.


Алматы әкімі Instagram-дағы парақашасында "Dostar" және "Элиф тауэрс" кешендерінде болғаны туралы жазды. Үй тұрғызушылар қалалық әлеуметтік нысандар үшін үй-жай бөліпті.
Біріншісінде белсенді ұзақ өмір сүру орталығын, екіншісінде кітапханасы, түрлі үйірмелері, коворкинг-аймағы және шеберлік-сыныптары бар балаларға арналған дамыту орталығын ашамыз. Әлеуметтік жауапкершілік аясында девелоперлер көрші үйлердің ауласын жөндеп, 100 орынға арналған балабақша салады. Айта кету керек, 108 пәтері бар "Элиф тауэрс" ТК екі қабатты ескі қаңқалы-қамысты екі үйдің орнына салынды, - деп жазды Б. Сағынтаев.
Айта кету керек, 108 пәтерлі "Элиф тауэрс" ТК қамыс екіқабатты екі үйдің орнына салынды.

Қала әкімі жұмыс сапары барысында 7-Eleven әлемдік шағын дүкендер жүйесі бойынша құрылған жаңа форматтағы дүкенде де болды. Жоба франчайзинг негізінде жұмыс жасауда.

Сонымен қатар жылдық қуаты 86,3 мың тонна өнім шығаруға арналған тазартылған сұйық май мен май шығаратын кәсіпорында болды. Зауытта 1068 адам жұмыс істейді.


Өзгелердің жаңалығы