Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалада лаңкестікке қарсы операция жалғасып жатыр. Бұл туралы Алматы коменданты Қанат Таймерденов айтты.
Бүгіннен бастап әкімдік, Президент резиденциясы, Республика алаңы босатылды. Барлық мемлекеттік мекеме бақылауда. Бұл ретте лаңкестер мен олардың бандиттік топтары қатты қарсылық көрсетеді. Осыған байланысты үйде отыруларыңызды сұраймыз, - деді ол.
Генерал қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.
Төтенше жағдай мен коменданттық сағаттың барлық талаптарын қатаң сақтаңыз. Кешке және түнде көшеге және қалаға шықпаңыз. Антитеррорлық операция жоспар бойынша жалғасуда. Біз барша алматылықтарды лаңкестер мен жасақтардан тазарту жағдайында сақтық танытуға шақырамыз,-деді ол.