Алматыда «қызыл» мәртебесі бар 65 адамға айыппұл салынды

19 Шілде 2021, 18:40
2178
Бөлісу:
Алматыда «қызыл» мәртебесі бар 65 адамға айыппұл салынды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда қоғамдық орындарға баруға тырысқан «қызыл» мәртебесі бар 65 адамға айыппұл салынды. Бұл туралы қаланың Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.

Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал ушығып, нашарлауда. Бұл вакциналанбаған және бұрын ауырмаған тұрғындардың коронавирус инфекциясының дельта штаммын жұқтыруына байланысты болуда. КВИ-дің одан әрі таралуын болдырмау жөніндегі қалалық штаб отырысында ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралды.

Алматыда 2282 қатысушы Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейді. 9-14 шілде аралығында нысандарда QR-кодын (тіркеу) пайдаланып келушілерді тіркеудің минималды санын жүргізбеген фактілер анықталмады. 100 қатысушы – Ashyq жобасының көшбасшылары. 26 сәуір мен 14 шілде аралығында 211 жауапсыз қатысушы жобадан шығарылды. 9-14 шілде аралығында Ashyq-та сканерлеу кезінде «қызыл» мәртебесі бар 31 адамға өзін-өзі оқшаулау режимін бұзғаны үшін 30 АЕК айыппұл салынды. Жалпы алғанда, 28 сәуір мен 14 шілде аралығында өзін-өзі оқшаулау режимін бұзғаны үшін «қызыл» мәртебеге ие 65 адамға 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды,-делінген хабарламада.

Тәртіп бұзушылар көбінесе қоғамдық тамақтану орындарына кіруге тырысады, мұнда 58 адамнан «қызыл» және 13 адамнан «сары» мәртебе анықталған. СОСО кіре берісінде 28 адамның «қызыл» және 110 адамның «сары» мәртебесі белгілі болды. «Қызыл» мәртебесі бар 9 адам Алматы Әуежайына өтпекші болдған.

КВИ-дің одан әрі таралуын болдырмау жөніндегі қалалық штаб амбулаториялық емделіп жатқан қала тұрғындарын өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында азаматтық жауапкершілік танытуға шақырады. Вирус жұқтырған адамдармен байланыста болған тұлғалар өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауы және басқа адамдарға жұқтырмас үшін адамдар көп жиналатын орындарға бармаулары тиіс.

Қаланың Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметі бойынша, Алматыда ағымдағы жылдың басынан бері жалпы КВИ-дің 65 878 жағдайы тіркелген. Өткен 2 аптада бұрыңғы 2 аптамен салыстырғанда КВИ дерті 2,6 есеге артқан, тәуліктік өсім 1%-дан астам. 1-18 шілде аралығында КВИ-дің 10 093 жағдайы тіркелді, бұл 10700 жағдайдың пессимистік болжамына сәйкес келуде.

Дерттің өсу себебі белгілі – 18 маусымнан бастап қалада «дельта» нұсқасы тарала бастады, ол өте жұқпалы әрі тез тарайды, клиникалық көріністері тым ауыр.

Өзгелердің жаңалығы