Алматыда КВИ-мен түскен науқастар үшін тағы мыңнан астам төсек-орын дайындалды

11 Тамыз 2021, 11:15
4421
Бөлісу:
Алматыда КВИ-мен түскен науқастар үшін тағы мыңнан астам төсек-орын дайындалды

Алматы, BAQ.KZ. Алматының инфекциялық стационарларында 8 910 төсек-орын бар, қазіргі сәтте онда 5 474 адам емделіп жатыр, оның 216-сы бала. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

10 тамыз күні қалада коронавирус жұтырған 1493 адам тіркелген, оның 1397-де симптомдық белгілері бар және 96 симптомсыз. Барлық емделіп шығарылғандар – 572, келіп түскені – 694.

Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 407 науқас бар. ӨЖЖ аппаратының көмегімен 58 науқас демалуда, инвазивті емес ӨЖЖ – 170, High flow аппартын 161 науқас пайдаланып жатыр,-делінген хабарламада.

БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 11 908 науқас бар, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 11 090, симптомсыз 539 адам бар.

Өткен тәулікте қалада коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-компонентін 7 638 адам, 2-компонетін 5 921 адам салдырған.

Жыл басынан бері вакцинаның 1-компонентін 787 494 адам салдырды. Вакцина алғандардың 105 767-сі 60 жастан асқан қарт кісілер құрайды. Бүгінгі таңда Алматыда медициналық ұйымдарда, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 160 вакцинация пункті жұмыс істейді. 237 вакцинация бригадасында 1 028 медицина қызметкерлері жұмылдырылды, – делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы