Алматыда КВИ-ге қарсы вакцинаны 300 ерікті қабылдады

29 Желтоқсан 2020, 18:45
1520
Бөлісу:
Алматыда КВИ-ге қарсы вакцинаны 300 ерікті қабылдады

Алматы, BAQ.KZ. Мегаполистің екі медициналық ұйымы базасында QazCovid-in инактивацияланған вакцинаны сынақтан өткізудің III фазасы жүріп жатыр. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.

Онда 2 мың алматылық ерікті вакцинациядан өтеді. Сынақтың екі күні ішінде вакцинаны алғашқы 300 ерікті қабылдады. ҚР Білім және ғылым министрлігінің биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты отандық вакцинаның І және ІІ фазаларын клиникалық сынақтан өткізгені белгілі. Алдын ала жасалған шаралардың нәтижелері отандық вакцина қауіпсіздігінің, иммуногендігінің және тиімділігінің жоғары деңгейін көрсетуде, - делінген хабарламада.

Сынақтар сәтті аяқталып әрі Денсаулық сақтау министрлігінде тіркелген соң ерікті түрде жаппай вакцинациялау наурыз айына жоспарлануда. Елімізде жасалған вакцинаға үлкен үміт артылуда, өйткені екпе жасау инфекцияның жаппай таралуына қарсы бірден-бір тиімді әдіс болып табылады.

Айта кетейік, Алматыда сыйымдылығы 200 мың бірлікті құрайтын «Спутник V» антиковидті вакцинаны сақтайтын қоймалар дайын. Препаратты ұзақ мерзімде сақтау үшін нақтылы температуралық режимді ұстау маңызды шарттың бірі болып табылады.

Өзгелердің жаңалығы