Алматыда күзгі ағаш отырғызу жұмыстары жүргізіліп жатыр

28 Қазан 2023, 09:13
696
Бөлісу:
Алматыда күзгі ағаш отырғызу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Фото: gov.kz

Қалалық көгалдандырушылар жасыл желектерді отырғызу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгіндк 23 459 ағаш отырғызылды: Медеу ауданында – 2000 бірлік, Жетісу ауданында - 3070, Түрксіб ауданында - 3900, Алмалы ауданында - 7000, Әуезов ауданында - 2489, Бостандық ауданында - 3500, Алатау ауданында - 1500. Наурызбай ауданында 10 мың ағашты жаппай отырғызу 30 қазанда басталады, қазіргі уақытта отырғызу үшін орындар дайындалып жатыр (шұңқырлар қазылады).

Биыл Алматы қаласының жасыл қоры 320 мың жасыл желекпен толығады, оның 22 мыңы көктемде отырғызылды, 298 мыңы күзге жоспарланды.

Алматыда күзгі ағаш отырғызу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Бас ботаникалық бақ пен ғылыми аграрлық университет мамандарының ұсынысымен көшелер бойына жалпақ жапырақты шегіршін, емен, үйеңкі, шаған, терек, ал саябақтар мен скверлерге - сәнағаш, қайың, акация, шырша және жеміс (алма, шие, алмұрт, өрік) ағаштары отырғызылып жатыи. Ағаштың бұл түрлері тығыз өсіп, саялы көлеңкеге айналып, ластанған ауаны жақсы ұстайды.

Алматыда күзгі ағаш отырғызу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Көшеттерді жақсылап суару үшін отырғызу орындарында автоматты суару жүйелері орнатылған. 2023 жылы қабылданған жасыл желектерді күтіп-баптау және қорғау ережесінде отырғызылған ағаштарға 3 жылға дейін күтім жасауды қамтамасыз ету жеткізушілерге жүктелген. Жасыл желектерді тиімді суару және көшеттердің тамырланып өсіп кетуі үшін биыл су жинағыштың құрылысы мен реконструкциялау жұмыстары басталды.

Өзгелердің жаңалығы