Алматы, BAQ.KZ. Мегаполистің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы құрылыс жұмыстарының сапасына тұрақты түрде мониторинг жасауда.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен кеңеске құрылыс компанияларының және кәсіби қауымдастықтың өкілдері қатысты. Жиын барысында тұрғын үй құрылыс саласында құрылыс мерзімін сақтау және жұмыс сапасын арттыру мәселелері қаралды.
Алматыда бүгінгі күні 779 құрылыс нысаны бар, оның ішінде 533 коммерциялық объекті. Қалада құрылыс жұмыстарын барлығы 323 құрылыс компаниясы мен 135 техникалық қадағалау ұйымы жүзеге асырады.
Мониторинг нәтижелері бойынша 2020 жылы құрылыс компанияларының 80%-ы жауапкершілікке тартылды. 69 компанияның лицензиялары алты ай мерзімге тоқтатылды, 154 компания әртүрлі санаттағы құрылыс лицензияларынан айырылды.
Құрылыс нормаларын бұзғаны үшін жыл ішінде салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 220,3 млн теңгені құрады. Оның ішінде жеке тұлғаларға – 124 миллион теңге, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне 272 миллион теңге айыппұл салынды.
Негізігі олқылықтар – жобалық шешімдерден ауытқу және құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында тиісті талаптарды сақтамау. Міне бұлар құрылыс сапасына кері әсерлерін тигізуде.
Мысалы, құрылыс өндірісін жеткіліксіз ұйымдастыру, бетон жұмыстары технологиясын және қайта толтыру технологиясын бұзу, көлік жолын қалпына келтірмеу, қауіпсіздік шараларын сақтамау, кіру және операциялық бақылаудың болмауы, жұмыс кестесінен кеш қалу сияқты фактілер анықталды.
Техникалық қадағалау функцияларын жүзеге асыруға тиісті бақылаудың болмауы салдарынан 47 адам жауапқа тартылды, оның 18-інің жұмыстары тоқтатылды.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев құрылыс саласын бақылауды күшейтуді және құрылыс жұмыстарының сапасын жақсарту мақсатында кешенді шаралар әзірлеуді тапсырды.
Ұсынылған іс-шаралар мыналар: құрылыс жүргізушілердің сенімді рейтингін құру, тұрғын үй құрылысы саласында тәжірибесі жоқ компаниялардың қызметіне шектеу қою. Бұлардан өзге, тапсырыс берушіге тыйым салу және бекітілген жұмыс жобасына құрылыс материалына қатысты авторлық қадағалаудың өзгерістер енгізуі үшін тиісті тетіктерді қолдану мүмкіндігі қарастырылуда.
Техникалық қадағалау есебінің түрін өзгерту де тағы бір шара болып табылады, мұнда орындалған жұмыстардың кестесі және оған қанша адамның тартылғаны көрініс табуы тиіс.