Алматыда Крон ауруына шалдыққан 800-ге жуық науқас бар

29 Мамыр 2023, 20:30
1078
Бөлісу:
Алматыда Крон ауруына шалдыққан 800-ге жуық науқас бар
Фото: Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда ойық жаралы колитпен және Крон ауруымен ауыратын 800-ге жуық науқас бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Асқорыту аурулары - әлемнің барлық аймағында денсаулық сақтаудың өзекті мәселелерінің бірі.

Бұл өлімнің жоғары болуымен, қатерлі ісікке жиі шалдығумен және халық арасында жоғары таралуымен түсіндіріледі. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс гастроэнтерологы Бауыржан Ысқақов ӨКҚ брифингінде айтты.

Жыл сайын 29 мамырда Дүниежүзілік гастроэнтерологиялық ұйым (ДСҰ) "сіздің ас қорыту денсаулығыңыз: сау ішек" тақырыбына арналған Дүниежүзілік сау Ас қорыту күні науқанын бастайды.

Қазақстан гастроэнтерологтарының қауымдастығы (оның құрамына Алматы қаласының көптеген танымал гастроэнтерологтары кіреді) ДСҰ-ның белсенді қатысушысы болып табылады.

Қазақстанда жыл сайын гастроэнтерологияның өзекті мәселелеріне арналған ғылыми-практикалық конференциялар өткіземіз. Биылғы жылы біз Дүниежүзілік сау Ас қорыту күніне қатысамыз, - дейді маман.

Оның айтуынша, ішек "екінші ми" деп аталады және оның жүйке жүйесімен өзара әрекеттесуі өте маңызды.

Асқорыту жүйесі ауруларының ішінде диагноз қою қиын және емдеу қиын болып табылатыны – ішектің қабыну аурулары, ойық жаралы колит және Крон ауруы.

50% жағдайда олар колоректальды қатерлі ісікке айналады.

Соңғы жылдары бұл аурулардың жиілігі тұрақты түрде артып келеді.

Тек Алматыда ойық жаралы колитпен ауыратын 800 – ге жуық науқас, ал Крон ауруымен ауратын 300-ге жуық науқас бар.

Аталмыш аурулар диареямен, ішектен қан кетумен, салмақ жоғалтумен, ақуыздың, майлардың, көмірсулардың, минералдардың, дәрумендердің жоғалуы сияқты белгілермен сипатталады.

Диагностика гистологиялық зерттеу үшін биптаттарды қабылдаумен колоноскопия жүргізуден тұрады. Ішектің қабыну ауруларының жалпы маркері-фекальды кальпротектинді анықтау.

Өзгелердің жаңалығы