Алматыда коронавирусқа қарсы вакцина жеткілікті – Денсаулық сақтау басқармасы

12 Маусым 2021, 13:23
1962
Бөлісу:
Алматыда коронавирусқа қарсы вакцина жеткілікті – Денсаулық сақтау басқармасы

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы қалада коронавирусқа қарсы вакцина жеткілікті екенін мәлімдеді.

Қала бойынша вакцинаның бірінші компоненттің 51 698 дозасы және екінші компоненттің 103 449 дозасы бар, - делінген хабарламада.

Өткен тәулікте Алматы қаласы бойынша 4 594 адам вакцина алған. Вакцина алғандардың жалпы саны 334 265 адамды құрайды.

Вакцина алғандардың жалпы санынан 60 жастан асқан қарт кісілер 32 150-і құрайды.

2021 жылдың 10 маусым күні Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасына қытайлық «Sinovac Biotech» компаниясы шығарған CoronaVac вакцинасының жалпы саны 46 000 дозасы (1 және 2 компонент) жеткізілді, - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда Алматыда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 211 вакцинация пункті жұмыс істейді. 304 вакцинация бригадасында 1 257 медицина қызметкері жұмылдырылған.

Айта кетсек, 11 маусым күнгі жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның 124 жаңа жағдайы тіркелген, оның 101 симптомдық белгілері бар және 23 симптомсыз.

Өзгелердің жаңалығы