Алматыда коронавирус жұқтырған 9 бала ауруханада ем алып жатыр

5 Наурыз 2022, 16:04
1213
Бөлісу:
Алматыда коронавирус жұқтырған 9 бала ауруханада ем алып жатыр

Алматы, BAQ.KZ. Кеше Алматыда 66 адамда коронавирус ПТР тестімен расталды, оның 57 симптомдық белгілері бар және 9 симптомсыз.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, кеше қала ауруханаларынан 54 науқас емделіп шыққан, келіп түскендер – 14.

Инфекциялық стационарларда (845 төсек-орын жүктемесі) жалпы саны  238 адам (оның ішінде 9 балалар) емделіп жатыр. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде –  28. ӨЖЖ – 8, инвазивті емес ӨЖЖ – 5, High flow-да 4 аппарат жұмыс істейді, - делінген хабарламада.

БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 577 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 552, симптомсыз 25 науқас бар.

Өзгелердің жаңалығы