Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Індетті жұқтырғандар арасында жастар көп. Алматы қаласы бойынша 8 мың 259 адамға коронавирус диагнозы қойылған болса, соңғы тәулікте бұл індет 219 адамнан анықталған, деп хабарлайды "Хабар 24".
Қауіпті вирусты жұқтырғандардың дені 20 мен 29 жас аралығындағы жастар, - дейді қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин.Сондықтан бас дәрігер жастарды еліміздегі қатаң карантин шараларына бейжай қарамауға шақырды. Ал қаладағы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров соңғы тәуліктерде қаладағы жай-күйі ауыр науқастар санының едәуір азайғанын айтты. Сондай-ақ ол жедел респираторлық вирустық инфекция және өкпенің қабынуы бойынша жедел жәрдем шақырулар санының екі есе азайғанын атап өтті. Қазіргі таңда шаһарда 3 мыңнан астам адам коронавирус індетінен ауруханада, 2,5 мың науқас үйлерінде емделіп жатыр екен. Қауіпті вирусты жұқтыру тізбегін тоқтату мақсатында Алматы қаласының тұрғындарына көпшілік орындарда маска тағу міндеттелген болатын. Бас санитардың қаулысын бұзғандар алғашқы айыппұлдарын да төлеп жатыр.
Біз арнайы осы бетперде кию режиміне мән беріп жатырмыз. Тек қана осы мәселе бойынша осы 5-нен бастап 267 адам айыппұлға тартылды. Оның көлемі бірінші аптаның ішінде төленсе 40 мың теңге болып табылады, - деді қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин.
Оқи отырыңыз: