Алматыда коронавирус жұқтырған соңғы 27 адамның бәрі – медицина қызметкері

13 Сәуір 2020, 15:06
1534
Бөлісу:
Алматыда коронавирус жұқтырған соңғы 27 адамның бәрі – медицина қызметкері

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы тәулікте мегаполисте тағы 27 жаңа жағдай тіркелді. Олардың барлығы медицина қызметкерлері. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, 13 сәуірдегі жағдай бойынша Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 172 жағдайы тіркелген.

Соңғы 27 адамның ішінде 21 әйел және 6 ер адам, араларында бір жүкті әйел бар. Медицина қызметкерлерінің екеуінің жай-күйі полисегментті пневмонияларына байланысты ауыр, қалған адамдардың барлығында "қанағаттанарлық" деп бағалануда. Коронавирус анықталған 20 қызметкер шұғыл медициналық көмек көрсетуді жалғастырған Қалалық орталық клиникалық аурухананың қызметкерлері. Тағы 7 адам бұлар 4 сәуірдегі алғаш рет тапсырған тестілері теріс нәтиже көрсеткен - Балалар жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері. Әдетте, бұлар әртүрлі патологиясы бар пациенттер, олардың арасында ауру белгілерінсіз ағымы бар пациенттер болуы мүмкін, сәйкесінше бұл олардың вирусты жұқтыруына себеп болуы да мүмкін. Аталған факті бойынша қазіргі уақытта эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде, - деді ол.

Сонымен қатар, ол медицина қызметкерлерін тексеріп-қарау бойынша барлық шара қолданылып жатқандығын атап өтті.

Бұдан басқа, барлық қалалық клиниканың ішінде қызметкерлерді коронавирусқа міндетті түрде тексеріп-қараумен эпидемияға қарсы іс-шаралар күшейтілді. Қазіргі уақытта инфекциялық стационарда жалпы 122 адам емделуде. 89 науқастың жай-күйі қанағаттанарлық, 8 адамда ауыр, 25 ересек адамда – ауырлықтың орташа дәріжесінде. Ем алушылар арасында 3 жүкті әйел бар, - деді Әбілдаев. 

Бұған дейін Алматыда 47 адам мен 2 бала сауығып шықты, екеуі қайтыс болды.

Провизорлық орталықтарда 186 адам бар, оның ішінде 10-ы бала, карантиндік оқшаулауда – 426 адам, үй карантинінде – 6199 адам.

Өзгелердің жаңалығы