Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінгі таңда Алматы қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1848 жағдайы тіркелген.
Оқи отырыңыз:
Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысы Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында айтты.
Оның айтуынша, кеше қалада жаңадан 46 жағдай тіркелген. Оның 8-і жергілікті жағдай, 12-сі үйдегі инфекция ошағындағылармен байланыста болған азаматтар. Қалғандары қаладағы карантинді және провизорлы орталықта болған азаматтар.
Осы уақытта қаладағы инфекциялық стационарда 929 адам емделуде. Оның 40-ы балалар. Ем қабылдап жатқан екі адамның жағдайы өте нашар, ауыр халде жатыр. 22 адамның жағдайы ауыр, 296 науқастың халі орташа ауыр, ал қалғандарында қанағаттанарлық. Олар симптомдары жоқ науқастар, - деді басқарма басшысы.
Сондай-ақ, ол қала бойынша жазылып шыққан азаматтардың саны 910 адамға жеткенін, бүгін тағы 50 азамат ауруханадан шығару көзделіп отырғанын айтты.
Провизорлық госпитальдарда 251 адам бар, оның 6-уы бала. Карантиндік оқшаулауда 260 адам, үй карантинінде 13 087 адам бақылауда, - деді ол.