Алматыда қонақ үйде өз қызын өлтірген әке 20 жылға сотталды

22 Желтоқсан 2020, 11:58
2091
Бөлісу:
Алматыда қонақ үйде өз қызын өлтірген әке 20 жылға сотталды

Алматы, BAQ.KZ.  Алматыдағы InterContinental қонақ үйінде бір жарым жасар қызын өлтірген британдық азамат Баракат Мохамедке қатысты сот үкімі шықты.

Баракат Мохамед Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 3-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және 20 жылға бас бостандығынан айырылсын. Баракат жазасын қатаң режимдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтесін. Өтеу мерзімі 2019 жылғы 24 қазанна бастап есептелсін, - деді судья Бақытжан Бәкірбаев. 

2019 жылғы 24 қазан күні Алматыдағы бесжұлдызды қонақүйде ол бір жарым жасар қызын соққыға жыққан. Бала клиникалық өлімде болған. Дәрігерлер оны ауруханаға жеткізгенімен оның өмірін сақтап қала алмады. Баланы өлтірді деген күдікпен оның әкесі Ұлыбритания азаматы Баракат Мохамед ұсталған еді. 

Тергеу нұсқасы бойынша баланы өлтіруге отбасылық жанжал себеп болған. Күдікті ол кезде алкоголь өнімі мен есірткі қабылдағандықтан масаң күйде болған. Куәгерлердің мәліметінше шетелдік сол күні өте абыржулы болған. 

Өзгелердің жаңалығы