Алматыда коммуналдық төлемдерді жасау кейінге қалдырылды

1 Сәуір 2020, 13:04
1468
Бөлісу:
Алматыда коммуналдық төлемдерді жасау кейінге қалдырылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  Алматылықтар сумен жабдықтау және су тарту қызметтеріне, жылу және ыстық сумен жабдықтауға  және телефон байланысына төлем жасауды кейінге қалдырды. Бұл туралы Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқарма басшысының орынбасары Мейіржан Отыншиев брифингте айтты.


Оның айтуынша, қала әкімдігі тұрғындарды қолдау бойынша бірқатар шараларды қабылдаған.
Мәселен, сумен жабдықтау және су тарту қызметтеріне ("Алматы Су" МКК), жылу және ыстық сумен жабдықтауға («Алматы жылу желілері» ЖШС) және электр энергиясына ("Алматыэнергосбыт" ЖШС), газбен жабдықтау ("ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Алматы өндірістік филиалы) және телефон байланысына («Алматытелеком» АТД) төлем жасауды кейінге қалдырды,-деді ол.

Бұл бастаманы лифт ұйымдары да қолдаған. Олар қала тұрғындарына айыппұл санкцияларын қолданбай, екі айға төлемді кейінге қалдырған. 
Осыған байланысты, бүгінде тұрғындар тарапынан коммуналдық төлемдерді кейінге қалдыру жөндеу және қызмет көрсету ақыларына да қатысты ма деген сұрақтар жиі қойылады. Тұрғын үй саясаты басқармасы тарапынан ай сайынғы жарналар болмаған кезде басқару органдарының қызметін қамтамасыз ету мүмкін еместігін түсіндіреміз. Тұрғын үйді жөндеу және күтіп ұстау қорынан аула сыпырушылардың, клинингтік компаниялардың еңбекақысы, авариялық қызметтердің, лифтілер мен көтергіштер сияқты қауіпті техникалық құрылғыларға қызмет көрсететін ұйымдардың шақырулары, сондай-ақ кондоминиумның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету және ортақ мүлікті қауіпсіз пайдалану, онда тиісті тәртіпті сақтау, дезқұралдарды пайдалана отырып, санитарлық ылғалды тазалау үшін қажетті басқа да шығындар төленеді,-деді Мейіржан Отыншиев.

Сондай-ақ ол, бұл ретте, басқару органдарына төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде жарналарды кейінге қалдыруды көздей отырып, күрделі жөндеуге жарналар жүргізуге мүмкіндігі жоқ меншік иелеріне айыппұл санкцияларын қолданбауды ұсынатынын айтты.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу бойынша қарызды өтеуге арналған төлемдерге қатысты меншік иелері де карантин уақытында төлемдердің мерзімін ұзарта алады. Төлеу мүмкіндігі болмаған жағдайда айыппұл санкциялары қолданылмайды,-деді ол.



Өзгелердің жаңалығы