Алматыда Конституция күніне орай Көктөбеде сәулеттік-көркемдік жарықтандыру іске қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Конституция күніне орай "Көктөбе" телемұнарасының медиа қасбетінде мультимедиялық шоу 30 тамызда сағат 21:00-де басталады. Телемұнараны жарықтандыру қаланың жарқын безендірілуіне айналады, сәулеттік келбетін жақсартады және туристер мен мегаполис тұрғындарын қызықтыратын орталыққа айналады.
Телемұнараға жарық беру мынадай кесте бойынша жұмыс істейді: күн сайын сағат 20.00-ден 2.00-ге дейін мұнараның өзінде динамикалық жарықтандыру қосылады. 2:00-ден 5:00-ге дейін мұнара фондық режимде прожекторлар арқылы жарқырайды.
Мереке күндері 21:00-ден 2:00-ге дейін мультимедиялық мерекелік бейнеролик қосылады. Сағат 2:00-ден 5:00-ге дейін прожектор арқылы жарықтандыру іске қосылады.
Телемұнара әртүрлі шашырау бұрыштары бар 185 TLS-H прожекторларымен, сондай-ақ құрылымның 10 деңгейін бірдей жарықтандыратын LED модульдері бар жарық желілерінің медиа қасбетімен жабдықталған.