Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда кинотеатрлар 17 сәуірден бастап ашылады.
Бұл туралы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді.
Байғабыловтың айтуынша, «қызыл» аймақ жағдайында кинотеатрларға келушілердің QR-коды «билет кассалары» аймағына кіреберісте сканерленетін болады.
«Қызыл» немесе «сары» статус анықталған жағдайда алдын ала сатып алынған билет қайтарылады. «Кинотеатрларда бес жасқа дейінгі балалар QR-кодты сканерлеуден босатылады, яғни олардың белгісі «жасыл». Кейінірек балалар арасында COVID-19 жұқтыру деректерін ескере отырып жасты қайта қарастырамыз, – деді Сәдуақас Байғабылов.
«Ashyg» жобасымен 15 сәуірде коронавирус жұқтырған 24 алматылық фитнес, бассейн, боулинг және компьютерлік клубтарға кіргізілмеген.