Алматыда әкесі атып тастаған әйел жүкті болған

9 Маусым 2020, 13:05
2379
Бөлісу:
Алматыда әкесі атып тастаған әйел жүкті болған

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда әкесі атып тастаған әйел жүктіліктің сегізінші айында болған.

Алматы полициясы кеше Түркісіб ауданында болған қайғылы жағдай бойынша тергеуді жалғастырып жатыр. Алматы қаласы ПД-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, күйеубаласы мен қызын атып тастаған ер адам ол кезде ішімдік ішпеген.
Қайтыс болған әйелдің аяғы ауыр болған, құрсағында 8 айлық бала болғаны анықталды,- дейді ПД ресми өкілі С. Әзірбек.
Айта кетсек, кеше Сейфуллин даңғылындағы үйлердің бірінде 1951 жылы туған жергілікті тұрғын отбасылық жанжал кезінде 1987 жылы туған күйеу баласы мен 1979 жылғы қызын атып өлтірді. Содан кейін өз-өзіне қол жұмсаған еді.

Қазір осы жағдай бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.
Өзгелердің жаңалығы