Коронавирус: Алматыда кешеден бері 200-ге жуық адамнан анықталды

1 Мамыр 2020, 15:59
1586
Бөлісу:
Коронавирус: Алматыда кешеден бері 200-ге жуық адамнан анықталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда 1 мамыр сағат 14:00-дегі жағдай бойынша коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 1140 жағдайы тіркелді. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

Алматыда кеше 114, бүгін 89 коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелді. Олардың 16-сы провизорлық стационарда карантиндегі вирусы бар адаммен байланыста болғандар. 4-уі Мәскеу-Ақтөбе-Алматы рейсімен ұшып келгендер. Олар ұшып келген соң стационарда карантинде болды. Қалғандары тестілеу нәтижесінде вирусы жаңадан анықталғандар, - делінген хабарламада.

Олармен байланыста болған барлық адам табылып, провизорлық госпитальдарға карантинге орналастырылған.

Инфекциялық стационарларда 1015 адам емделуде, оның ішінде 39-ы бала. Екі адамның жай-күйі - өте ауыр, 27 адамда – ауыр, 208 адамда – ауырлықтың орташа дәрежесінде және қалғандарында қанағаттанарлық. Провизорлық госпитальдарда 395 адам, карантиндік оқшаулауда 366, үйде 11846 адам бар, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, өткен тәулікте Алматыда 15 науқас коронавирустық инфекциядан сауығып, емдеуден шығарылды.

Оның ішінде "Орталық қалалық клиникалық аурухананың" 10 медицина қызметкері, "Балалар клиникалық жұқпалы аурулар" ауруханасының 4 қызметкері және бір әйел вирусы бұрын анықталған науқаспен байланыста болған 1964 жылы туған пациент бар. 1964 жылы туған бұл науқас 2 сәуірден бастап емдеуде болған. Қалған пациенттерді емдеу орта есеппен 16-18 күнге созылды, - делінген хабарламада.

10 науқастың жай-күйі орташа ауырлық дәрежесі ретінде бағаланған, 7 адамның екіжақты полисегментті пневмониясы бар, қалған адамдарда аурудың жеңіл ағымы болған.

Өзгелердің жаңалығы