Алматыда кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары басталды

5 Сәуір 2022, 20:15
2559
Бөлісу:
Алматыда кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары басталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда бүгін кенеге қарсы дезинфекциялық өндеу жұмыстары басталды. Бұл туралы қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.

Бүгіннен бастап қалада жалпы ауданы  2424,54 га болатын орманды және қала саябақтарында, скверлерінде кенелерге қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстарының 1 кезеңі басталды. Өңдеу жұмыстарымен 8 орманды және 144 қала саябақтары, скверлері (көлемі – 519,616 га) қамтылады және ауа райына байланысты (құрғақ, жауын-шашынсыз күндері) кестеге сәйкес 2022 жылғы 5 сәуірден 5 мамырға дейін жүргізіледі.

Кене энцефалитіне қарсы күрестің нәтижесі сапалы болу үшін өңдеу жұмысы  екі кезеңде жүргізіледі, атап айтқанда мамыр, маусым айларында. Дезинсекциялық іс-шараны  қалалық  санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандарының тікелей бақылауымен «Алматы қаласының дезинфекция орталығы» филиалы атқарады,-делінген хабарламада.

Жасақталған дезбригадалар қажетті құралдармен, көлік және жеке бас қорғаныш заттарымен жабдықталған. Кене энцефалитіне қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін «Фаворит»  акарицидтік препараты қолданылады. Препарат аз уытты және қауіпті емес санатына жатқызылады (3-4 класс).

Кенелермен күресу үшін қолданылатын дозалар ең аз және адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз болып табылады. Өңдеу жұмыстары таңертеңгілік сағаттарда жүргізіледі. Өңделетін аумақтардың шекараларында «Кенеге қарсы өңдеу жүргізілуде» ескерту хабарламалары бар тақталар орнаталады.  

Қала тұрғындары төменде көрсетілген сақтық шараларын сақтау қажет:
• акарицидты препараттың ерітіндісін денеге немесе киімге тигізіп алмас үшін, кенеге қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстары жүргізілген жерлерден қашықтау жүру керек;
• жердегі шашыратқан препарат кепкенге дейін үй жануарларын өңдеу жұмыстары жүргізілген жерлерге жібермеу керек;
• өңдеу жұмыстары жүрізілген жерлерден 40 күн бойы саңырауқұлақ, шөп немесе жидектерді жинауға және пайдалануға болмайды;
• тұрғындар мен қонақтарға қала саябақтары мен скверлерге, табиғи ошақтарға кенелерге қарсы өңдеу жүргізуде және одан кейін 3 күнде бармау керек.
 

Өзгелердің жаңалығы