Алматыда саябақтар мен скверлерде кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қаладағы "жасыл оазистер" тағы да санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың назарында болады. Алматыда 15 мамырда кенеге қарсы өңдеудің екінші кезеңі басталады. Мамандар бригадасы 8 орман алқабы мен 144 саябақты қамтиды. Өңдеу үшін төмен уытты және аз қауіпті "Фаворит" препараты қолданылады.
Бұл адамдар мен жануарларға мүлде зиянсыз. Іс-шара туралы аумақтарда ескерту тақталары орнатылады. Өңдеу жұмыстары 5 маусымға дейін жүргізіледі.