Алматыда келер жылы тағы 100 мектеп автобусын сатып алуға қаржы бөлінеді

7 Желтоқсан 2024, 08:21
344
Бөлісу:
Алматыда келер жылы тағы 100 мектеп автобусын сатып алуға қаржы бөлінеді
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Қаланың 2025-2027 жылдарға арналған тиісті бюджеті Алматы мәслихатының сессиясында қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, Алматы қаласының «Мектеп автобусы» жобасы Қазақстанда алғаш рет 2023 жылы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша іске қосылған болатын.

Жобаның екінші кезеңі аясында ағымдағы жылы оқушыларды тасымалдау үшін қосымша 100 автобус сатып алынды. Осылайша, қазір 200 автобус 51 мектептің 9 мыңнан астам оқушысын тасымалдайды. Келесі жылы Алматы әкімдігінің жобалық кеңсесінің қолдауымен тағы 100 автобус сатып алу жоспарлануда, - деп жазылған хабарламада.

Автобустар шалғай және жету қиын аудандарда тұратын балалар оқитын мектептерден өтінімдер түскен сайын маршруттарға шығады. Бұған басымдық беріледі, себебі мектеп автобустары осыған қарай бөлінеді. Әр мектеп үшін оқушылардың тасымалдануын қамтамасыз ету үшін егжей-тегжейлі маршруттық парақтар әзірленді.

Өзгелердің жаңалығы