Алматыда кедендік төлемдер қарқыны артты

13 Сәуір 2022, 15:11
1830
Бөлісу:
Алматыда кедендік төлемдер қарқыны артты

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда кедендік құнға бақылауды күшейту нәтижесінде кедендік төлемдердің өсу қарқыны өткен жылға қарағанда айтарлықтай жоғарылады. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Қанат Баеділов брифингте айтты.

Президент өзінің 2022 жылғы қаңтардағы Жолдауында Үкіметке «кедендік шекарада тәртіп орнату және жосықсыз кәсіпкерлермен күрес бойынша батыл жұмыс жүргізу қажеттігі туралы» тапсырма берді. Осы тапсырманы орындау үшін Департаментте кадрлық ауыс-түйістер жүргізілді, атап айтқанда, кедендік бағытқа жетекшілік еткен департамент басшысының орынбасары және басқарманың үш басшысы, кеден бекеттерінің басшылары ауыстырылды, кедендік құнға бақылау күшейтілді, кедендік тексеріп қараудың сапасын арттыру бойынша шаралар қабылданды,-деді  Баеділов.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде импорттың 136%- ға өскеніне қарамастан, 2022 жылдың 1 тоқсанында кедендік төлемдерден 138 млрд теңге түскен.  Бұл өткен жылмен салыстырғанда 45 млрд теңгеге артық екен.

Бұған дейін ол Алматыда мемлекеттік бюджетке алғаш рет үш триллион теңге аударатынын жеткізген еді.
 

Өзгелердің жаңалығы