Алматыда катализатор ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

9 Маусым 2022, 08:49
1197
Бөлісу:
Алматыда катализатор ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram парақшасында мәлімдеді.

Топ 1998, 1999 және 2000 жылы туған жастардан тұрған. Күдіктілер соңғы рет 5 маусымда Алматының Медеу ауданында ұрлық жасаған.

Күдіктілер тұрғын үй ауласындағы "Тойота Прадо" автокөлігінен катализаторы бар глушительді толығымен шешіп алып, сол арқылы 500 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. 5 маусым күні жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер ұсталды.

Ұсталғандар қылмыстарын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың қаланың Түрксіб, Бостандық, Әуезов аудандарында осыған ұқсас 9 қылмыс жасауға қатысы бар екеніндігі дәлелденді.

Өзгелердің жаңалығы