Алматыда кәріз желілерін жуу жұмыстары басталды

5 Наурыз 2022, 20:09
1327
Бөлісу:

Алматы, BAQ.KZ. Жұмыстар 5-7 наурыз аралығында Медеу ауданында жоспарланған. Аталған күндері Достық даңғылынан Сейфуллин көшесіне дейін Шевченко және Құрманғазы көшелерімен жүру қиынға соғады. Бұл туралы «Алматы Су» МКК баспасөз қызметі хабарлады.

Жұмыстар арнайы техниканы тарту арқылы жүргізілетін болады.  Бұл жұмыстар ағынды суларды бұрудың үздіксіз болуын қамтамасыз ету үшін қажет. Жыл сайын қалада 1000 км астам кәріз желілері мен 70 мың кәріз құдықтарын жуу және тазалау жүзеге асырылады,-делінген хабарламада.

«Алматы Су» мекемесі уақытша келтірілген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, жолдың көрсетілген учаскесі бойынша маршруттарды алдын ала жоспарлауды сұрайды. 
 

Өзгелердің жаңалығы