Алматыда қанша автокөлік тіркеуде тұр?

19 Тамыз 2021, 19:20
5824
Бөлісу:
Алматыда қанша автокөлік тіркеуде тұр?

Алматы, BAQ.KZ. Қаланың әкімшілік полициясы Алматыда 550 мыңнан астам көліктің ресми тіркелгенін айтты.

Оған қоса шаһарға күн сайын 300 мыңға жуық басқа қаланың көлігі кіреді екен. 

Жыл басынан бері қалада 2 019 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Бұл фактор бірінші кезекте қаладағы көлік қозғалысының жағдайы мен апат деңгейіне әсер етеді. Осы жылдың жеті айында зардап шеккендермен 2 019 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 2 394 адам жарақат алды, тағы 39 адам қайтыс болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,2%-ға аз, - дейді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек.

Басқарма бастығы жол қозғалысы қатысушыларының, оның ішінде жаяу жүргіншілердің тәртібіне ерекше назар аудару қажеттігін айтады. Олар жақын жерде реттелетін жаяу жүргіншілер өткелдерінің болуына қарамастан, жол қозғалысы ережелерінің талаптарына сәйкес келмесе де жол жүру бөлігін өздері үшін ыңғайлы жерде кесіп өтуді жөн көреді екен. 

Жолда мұндай іс-әрекет жасау – үлкен қауіп, әсіресе ірі шаһарда бұған жол берілмейді, – деді ол. 

Сонымен қатар ол жыл басынан бері жол қозғалысына қатысушылардың 960 мыңнан астамы жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті. Оның 1 156-ы – көлікті мас күйінде басқарған жүргізуші. Сот 1 594 жүргізушіні көлік құралын басқару құқығынан айырды. 1 041 жүргізушіге әкімшілік қамау қолданылды.

Өзгелердің жаңалығы