Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда кафенің шатыры өртенді: ТЖМ өртті қысқа мерзімде ауыздықтады

6 Тамыз 2025, 23:44
688
Бөлісу:
 ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бүгін кешке Алматы қаласының Алмалы ауданында орналасқан екі қабатты кафенің шатыры өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға Шевченко көшесінде болған. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде бөлек тұрған ғимараттың шатыры ашық жанып жатқан.

Зардап шеккендер жоқ. Адамдар өрт сөндірушілер келгенге дейін өздігінен далаға шығып үлгерген. Өртті сөндіру барысында суды үздіксіз беру ұйымдастырылып, жеке құрамнан 28 адам және 9 техника жұмылдырылды. Қабылданған жедел шаралардың арқасында өрт қысқа мерзімде ауыздықталып, одан әрі таралуына жол берілмеді. Өрт сөндірушілер жанудың жасырын ошақтарын анықтау үшін шатырды ашып, мұқият тексеру жұмыстарын жүргізді.

Өрттің жалпы ауданы 10 шаршы метрді құрап, шатырдағы жылу ұстағыш материалдардың жануы орын алған.

Қазіргі уақытта өрт толықтай сөндірілді, оның шығу себептері анықталуда.

Өзгелердің жаңалығы