Алматыда ірі есірткі зертханасы анықталды

13 Шілде 2022, 11:15
1278
Бөлісу:
Алматыда ірі есірткі зертханасы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда жасырын ірі есірткі зертханасы жойылды.

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Операция барысында «Альфа-PVP» синтетикалық есірткісін қолдан жасау және интернет-ресурсы арқылы Алматы қаласы және еліміздің басқа да өңірлеріне сатуды ұйымдастырған 2 азамат ұсталды. Қабылданған шара нәтижесінде, 2022 жылғы 29 маусымда Алматы қаласы мен қала маңайында шамамен 16 келі «Альфа-PVP», кристалдану сатысындағы 15 келі есірткі, 5 тоннадан астам прекурсорлар мен зертханалық жабдықтар тәркіленді, – делінген хабарламада.

Қолға түскен есірткі заттарының «қара нарықтағы» құны жарты миллиард теңгеден асады.

Факт бойынша ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті соталды тергеу материалдарын ҚР ҚК-ның 297-бабы 3-тармағы бойынша СДТБТ-ға тіркеген.

Өзгелердің жаңалығы